ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ–МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Елімізде дін саласындағы мемлекеттік саясат зайырлылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етуге және конфессияаралық келісімді сақтауға бағытталған. Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыстар діни сауаттылықты арттыру, экстремизмнің алдын алу және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды дамыту аясында жалғасып келеді.

Мемлекет саясатының негізгі міндеттері 2024-2028 жылдарға арналған дін саласындағы тұжырымдамада айқындалған. Ал, 2025 жылғы 5 қарашадағы Президент Жарлығымен бекітілген ішкі саясаттың негізгі қағидаттарында зайырлылық пен конфессияаралық келісімге ерекше мән  берілген.

Дін істері комитетінің 2026 жылғы үшінші тоқсан қорытындысы бойынша дінтану сараптамасынан 1213 материал өткен. Оның 638-іне  оң, 225-іне теріс қорытынды берілген. Сонымен қатар 792 интернет-ресурсқа мониторинг жүргізіліп, 179 сілтемеден құқыққа қайшы сипаттағы материалдар анықталған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылғы 24 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында: «Этносаралық және конфессияаралық қатынас мәселесін ешқашан саясат немесе түрлі арандату құралына айналдыруға болмайды. Бұл – мемлекеттің де, бүкіл қоғамның да бұлжымас қағидасы», – деп атап өтті. Бұл ұстаным Қазақстанның көпконфессиялы қоғамындағы тұрақтылықты сақтаудың маңызын көрсетеді. Өйткені зайырлылық – дінге қарсы бағыт емес, барлық азаматтың сенім бостандығы мен заң алдындағы теңдігін қамтамасыз ететін қағидат.

Қорыта айтқанда, дін саласындағы мемлекеттік саясаттың түпкі мақсаты – діни алуандылық жағдайында қоғамдық келісімді нығайту, радикалды идеологияның алдын алу және азаматтардың құқықтарын қорғау болып табылады.

Еще больше интересного

9 қарашадан бастап Қазақстанның үш тасжолында орташа жылдамдықты бақылайтын...

9 қарашадан бастап Қазақстанның республикалық маңызы бар үш автожолында көліктердің орташа жылдамдығын анықтайтын жаңа жүйе іске қосылады....

Ақтауда шелек тепкен мұғалім жұмыстан қуылды

Ақтаудағы мектептердің бірінде мұғалім мен еден жуушының арасындағы жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнебақылау камерасына түсіп...

«Мәселені жұдырықпен емес, заңмен шешу керек»

https://youtube.com/shorts/-nq-Yv303xg?feature=share Мәселені жұдырықпен емес, заңмен шешу керек-дейді Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев. Ол Ақтаудағы балалар ауруханасында орын алған дәрігер...