9 қарашадан бастап Қазақстанның үш тасжолында орташа жылдамдықты бақылайтын жүйе іске қосылады

9 қарашадан бастап Қазақстанның республикалық маңызы бар үш автожолында көліктердің орташа жылдамдығын анықтайтын жаңа жүйе іске қосылады. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы хабарлады.
Жаңа бақылау жүйесі Алматы – Қорғас, Қарағанды – Бұрылбайтал және Қызылорда – Арал бағыттарын қамтиды.
Жүйенің ерекшелігі – көліктің жылдамдығын бір нүктеде ғана емес, жолдың белгілі бір бөлігін толық жүріп өткен уақыт бойынша есептейді. Камералар көліктің бақылау аймағына кірген және шыққан уақытын тіркеп, орташа жылдамдығын автоматты түрде анықтайды. Белгіленген шектен асқан жағдайда, құқық бұзушылық туралы ақпарат тиісті органдарға жіберіледі.
Бақылау орнатылатын учаскелер:
Алматы – Қорғас: Ұйғыр – Панфилов аралығы. Ұзындығы – 50,8 шақырым. Рұқсат етілген жылдамдық – 120 км/сағ.
Қарағанды – Бұрылбайтал: Шұбартүбек – Гүлшат (42,1 шақырым) және Гүлшат – Тасарал (42,5 шақырым). Жылдамдық шегі – 140 км/сағ.
Қызылорда – Арал: Ақжарма – Ақжар (48,2 шақырым), Ақжар – 103-разъезд (122,4 шақырым), 103-разъезд – Әйтеке би (95,8 шақырым). Жылдамдық шегі – 100 км/сағ.
ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша, жаңа жүйенің мақсаты – жүргізушілердің жол тәртібін сақтауын қамтамасыз ету және қалааралық тасжолдардағы жол-көлік оқиғаларын азайту

Еще больше интересного

ЗАЙЫРЛЫЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ–МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСТЫ БАҒЫТЫ

Елімізде дін саласындағы мемлекеттік саясат зайырлылық қағидаттарын нығайтуға, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз етуге және конфессияаралық келісімді сақтауға...

Ақтауда шелек тепкен мұғалім жұмыстан қуылды

Ақтаудағы мектептердің бірінде мұғалім мен еден жуушының арасындағы жанжал әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. Бейнебақылау камерасына түсіп...

«Мәселені жұдырықпен емес, заңмен шешу керек»

https://youtube.com/shorts/-nq-Yv303xg?feature=share Мәселені жұдырықпен емес, заңмен шешу керек-дейді Құрылтай депутаты Аббат Өрісбаев. Ол Ақтаудағы балалар ауруханасында орын алған дәрігер...