“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП” – ҰЛТ ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДЫҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған “Заң және тәртіп” қағидасы қоғамдық қауіпсіздікті нығайтып қана қоймай, алкогольге, темекі мен есірткіге қарсы күресті жаңа деңгейге көтеруге жол ашты. Мемлекет басшысы заң үстемдігі қалыптасқан қоғамда ғана адамадардың өмірі мен денсаулығы сенімді қорғалатынын үнемі айтып келеді.

Бүгінде бұл бағытта мемлекеттік органдар кешенді жұмыс жүргізуде. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2026 жылы Қазақстанда 15 жастан асқан халықтың15,1%-ы темекі тұтынады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігі профилактикалық бағдарламаларды күшейтіп, зиянды әдеттердің алдын алуға басымдық беруде.

Есірткі қылмысына қарсы күрес те күшейді. Ішкі істер министрлігі синтетикалық есірткінің заңсыз айналымына тосқауыл қою, интернет арқылы тарататын қылмыстық топтарды анықтау және жастар арасындағы түсіндіру жұмыстарын кеңейтуді жалғастырып келеді. Сонымен қатар Үкімет 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы кешенді жоспарды іске асыруда. 

“Заң және тәртіп” қағидасының басты мақсаты – құқық бұзушылықпен күресу ғана емес, қоғамда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекет, қоғам және әр азаматтың бірлескен жауапкершілігі ғана ұлт денсаулығын сақтап, қауіпсіз әрі әділетті Қазақстанды қалыптастыруға мүмкіндік береді. 

Қорытындылай келе, алкогольге, темекіге және есірткіге қарсы күрес – ұлт денсаулығын сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды бағыты. Бұл ретте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Заң және тәртіп – әділетті әрі қауіпсіз мемлекеттің басты қағидаты» деген ұстанымы ерекше маңызға ие. Сондықтан әрбір азамат заң талаптарын сақтап, зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын таңдағанда ғанақауіпсіз қоғам мен қуатты мемлекет құружолындағы ортақ мақсатқа қол жеткізе аламыз.

Еще больше интересного

Зеленский Украина армиясын қысқартуды және бейтарап мәртебесін талқылаудан бас...

Украина президенті Владимир Зеленский Киев қарулы күштердің санын қысқарту және елдің бейтарап мәртебесін белгілеу мәселелерін талқылауға келіспейтінін...

Түркістан облысында жасөспірім комбайнға қысылып қалды

Бүгін Түркістан облысы Асықата ауылындағы шаруа қожалығының аумағында жазатайым оқиға болды. 2009 жылы туған жасөспірім комбайнды жөндеу кезінде...

Қазақстанда күзгі демалыс басталды. Оқушылар 7 күн демалады

Мектеп оқушыларының күзгі демалысы 26 қазаннан 1 қарашаға дейін жалғасады. Сабақ 2 қарашада қайта басталады. Демалыс кезінде мектептер...