САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫ – САПАЛЫ ӨМІРДІҢ НЕГІЗІ

Салауатты өмір салтын қалыптастыру –халық денсаулығын нығайтудың және ұлттың сапалы өмір сүруінің негізгі шарты. Бұл бағытта елімізде профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, азаматтардың денсаулық мәдениетін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Мықты ұлт – ең алдымен дені сау ұлт”, – деп атап өткен болатын. Сондықтан денсаулық сақтау тек медицина саласының ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндетіне айналуы тиіс. 

Салауатты өмір салтын қалыптастыруда спорт инфрақұрылымын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Соңғы жылдары еліміздің қалалары мен ауылдарында тұрғындарға қол жетімді ашық спорт алаңдары, воркаут аймақтары, жүгіру жолақтары және балалар мен ересектерге арналған жаттығу құрылғылары көптеп салынды. Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанда 100-ден астам жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені мен жүздеген ашық спорт алаңы пайдалануға берілді. Бұл инфрақұрылым халықтың дене белсенділігін арттырып, барлық жастағы азаматтардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік жасап отыр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: “Бұқаралық спортты дамыту – ұлт саулығына салынған инвистиция” деп атап өткен болатын. Сондықтан әр аулада бой көтерген спорт алаңы – дені сау ұрпақтың қалыптасуына жасалған нақты қадам.

Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен жүргізілген 2025 жылғы республикалық әлеуметтік мониторинг нәтижесіне сәйкес, Қазақстанда салауатты өмір салтын ұстанатын азаматтардың үлесі 35,7%-ға жетті. Бұл көрсеткіш 2024 жылмен салыстырғанда 34,2%-дан өсіп, халық арасында дұрыс тамақтану, тұрақты дене белсенділігі және зиянды әдеттерден бас тарту мәдениетінің нығайып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігі соңғы жылдары алғашқы медициналық-санитарлық көмекті күшейтуге, профилактикалық тексерулердің қолжетімділігін арттыруға, дұрыс тамақтану мен бұқаралық спортты дамытуға бағытталған кешенді шараларды іске асырып келеді. 

Салауатты өмір салтын таңдау – әр азаматтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің көрінісі. Мемлекет пен қоғамның бірлескен күш-жігері арқылы ғана дені сау, белсенді әрі бәсекеге қабілетті ұлт қалыптасады. Бұл – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадамдардың бір

Еще больше интересного

Қазақстандағы парламенттік сайлау: жаңғырумен Орталық Азиядағы көшбасшылыққа бастайтын жаңа...

Алдағы парламенттік сайлау конституциялық реформадан және жалпыхалықтық референдумнан кейінгі Қазақстандағы саяси өзгерістердің заңды жалғасы болмақ,- деген пікірімен...

Жедел жәрдем қаржысын жымқырғандарға 8-9 жыл берілді

Астана қаласының прокуратурасы мен ҰҚК қалалық департаменті бірлесіп, 2020–2023 жылдар аралығында жедел медициналық жәрдем станциясының бюджет қаражатын...

ШҚО-да заңсыз алтын өндіру дерегі әшкереленді

Шығыс Қазақстан облысында құқық қорғау органдары заңсыз алтын өндірумен айналысқан топтың қызметін тоқтатты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг...