Кұрылтай депутаттары ресми түрде жұмысқа кірісті: оларға куәлік пен төсбелгі табысталды

Қазақстан Республикасы Құрылтайының бірінші шақырылым депутаттары ресми түрде тіркеліп, өз өкілеттіктерін атқаруға кірісті.

27 тамызда Орталық сайлау комиссиясының XVI отырысында Құрылтайдың 145 депутатын тіркеу туралы шешім қабылданды. Осы рәсімнен кейін сайланған өкілдер депутаттық мәртебеге ие болды.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, «Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 44-бабына сәйкес депутаттардың өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында ресми тіркелген сәттен бастап басталады.

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, Құрылтай құрамына бес саяси партияның өкілдері кірді. Мандаттар төмендегідей бөлінді:

  • «Әділет» – 110 депутат;
  • «Ауыл» – 10 депутат;
  • «Respublica» – 9 депутат;
  • ОСДП – 8 депутат;
  • «Ақ жол» – 8 депутат.

Нұрлан Әбдіров депутаттық мандаттың азаматтардың таңдауымен берілетінін атап өтіп, бұл ретте халық сенімі депутаттарға үлкен жауапкершілік жүктейтінін айтты.

Оның сөзінше, сайлау тікелей сайлау құқығы негізінде өтіп, сайлау науқаны заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылған.

Отырыстың соңында ОСК төрағасы Құрылтай депутаттарына ресми куәліктері мен төсбелгілерін табыстады. Осы сәттен бастап олардың депутаттық өкілеттігі ресми түрде басталды.

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...