Маңғыстауда Атазаң есімді бүлдіршіннің әкесі өз таңдауын жасады

Мұнайлы ауданында азаматтар маңызды саяси науқанға белсенді қатысып, мемлекеттің алдағы даму бағытына қатысты ұстанымын білдіріп жатыр. Сайлаушылардың қатарында елге ерекше есімімен танылған «Атазаң» есімді бүлдіршіннің әкесі Бауыржан Бабатов та бар. Ол №195 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасап, дауыс берді.

Бауыржан Бабатов сайлауға қатысу – әрбір азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігінің және азаматтық белсенділігінің көрінісі екенін атап өтті.

Бүгінгі сайлау – ел болашағын айқындауда елеулі күн. Әрбір азамат таңдау жасау арқылы мемлекет дамуына үлес қоса алады. Мемлекеттің саяси өміріндегі маңызды оқиғадан қалыс қалмау қажет, — деді Бауыржан Бабатов.

Еще больше интересного

Барлық сайлау рәсімдері сақталуда – Грузиядан келген байқаушы алғашқы...

Грузия Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Георгий Каландаришвили Қазақстандағы алғашқы Құрылтай сайлауында дауыс берудің ұйымдастыру деңгейін жоғары бағалады. Оның...

Ел тарихындағы алғашқы Құрылтай сайлауы басталды.

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова алғашқылардың бірі болып Астанадағы 128-і сайлау участогіне келіп дауыс берді. ҚР Орталық сайлау комиссиясы...

Премьер-министр Олжас Бектенов дауыс берді

Шенділердің белсенді дауыс беруі жалғасуда.Үкімет басшысы Олжас Бектенов Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасады. ҚР Орталық сайлау комиссиясы астананың,...