Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұқанов өрт қауіпсіздігін жіті бақылау үшін үйлерді аралауға шығамын деп отыр.
Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов алты өңірде әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне өрт дабылы датчиктерін тегін орнату жұмысы тиісті деңгейде жүргізілмей жатқанын айтып сынады.
Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қарағанды облыстары мен Шымкент әкімдіктерінің жұмысын сынға алды.
Бектенов әкімдіктер мен Төтенше жағдайлар министрлігіне бір апта ішінде әлеуметтік осал отбасылардың тізімін жаңарту, үйлерді қайта аралап, кемшіліктерді тексеруді тапсырлды.





