Мүгедектігі бар балаларға арналған мектеп қандай болуы керек? Жаңа стандарт енгізілді

Фото: ЖИ

Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балаларға қолжетімді мектептің қандай болуы керектігін айқындайтын жаңа ұлттық стандарт қолданысқа енді.

ҚР СТ 4023-2025 стандарты 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді. Құжатты Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген.

Стандарт мектептегі қолжетімді ортаны тек пандуспен шектемейді. Онда мектеп аумағы мен ғимаратқа кіруден бастап, сыныптар, дәліздер, лифт, асхана, дәретхана, кітапхана, спорт және акт залдарына дейінгі талаптар қамтылған.

Мектептерде тактильді жолақтар, Брайль шрифті, жарық және дыбыстық ескерту жүйелері, қолжетімді лифт немесе көтергіш құрылғылар қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ кресло-арбамен жүретін оқушыларға арналған арнайы орындар мен санитарлық кабиналар болуы қажет.

Сыныптар мен кітапханаларда көру, есту және қозғалыс ерекшеліктері ескеріліп, оқу материалдары мен жабдықтар бейімделуі ұсынылады. Дене шынықтыру мен мектеп іс-шараларына мүгедектігі бар балалардың басқа оқушылармен бірге қатысу мүмкіндігі де қарастырылған.

Жаңа стандарт мектептердің сәулеттік, ақпараттық және функционалдық қолжетімділігіне бірыңғай тәсіл қалыптастырады

Еще больше интересного

Тоқаев: Құтқарушылар бес жылда 240 мыңға жуық адамға көмектесті

Бүгін Құтқарушылар күні. Осы мерекеге орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаев құтқарушыларға мемлекеттік марапаттар тапсырды Соңғы бес жылда Қазақстан құтқарушылары...

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...