Тоқаев Құрылтай сайлауын 23 тамызға тағайындады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттарының сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды,-деп хабарлайды Ақорда.

Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.

Құжатта Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына сайлауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру және оны өткізуді қамтамасыз ету тапсырылды.

Сондай-ақ Үкіметке, Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалардың әкімдеріне Құрылтай депутаттарының сайлауын ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық жағынан қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды жедел қабылдау міндеттелді.

Жарлық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...