Түнгі ата-ана чаттарына нүкте қойыла ма?

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мұғалімдердің жұмыс уақытынан кейінгі жеке уақытына құрметпен қарау қажеттігін айтты.

Министрдің сөзінше, мұғалімдер алты сабақтың өзінде шамамен 150 баламен жұмыс істейді. Одан кейін дәптер тексеріп, келесі сабақтарға дайындалады.

«Мұғалімнің жұмыс уақыты бар және жеке уақыты бар. Педагогтерге күш жинап, демалуына мүмкіндік беруіміз керек», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министрлік ата-аналарға қатаң тыйым салмайды. Алайда баланың денсаулығы мен қауіпсіздігіне қатысты шұғыл жағдайлардан басқа мәселелер бойынша нақты байланыс тәртібі белгіленбек.

Яғни мұғалім де жұмыс уақыты аяқталған соң демалуға құқылы.

Еще больше интересного

Бектенов колледждерді жаңартуды талап етті

Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында маман даярлау жүйесінің қазіргі экономика талаптарына сай еместігін айтып, колледждерді түбегейлі жаңғыртуды...

ЖИ еңбек нарығын өзгертеді: Қазақстанда қандай мамандықтар жойылуы мүмкін?

Жасанды интеллект пен технологияның қарқынды дамуы Қазақстандағы еңбек нарығын түбегейлі өзгертуі мүмкін. Үкімет отырысында Еңбек және халықты...

«Жұмыс жоқ» деген сөз болмауы керек: Бектенов еңбек нарығындағы...

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаевпен елдегі жұмыспен қамту және...