Түркістан облысының Келес ауданындағы Қонысбаев транзит жолында Қытайдан келе жатқан жүк көліктері үш күннен бері ұзын-сонар кептелісте тұр. Жүргізушілердің айтуынша, Өзбекстан шекарасына қарай жиналған көліктер тізбегі шамамен 40 шақырымға созылған,-деп хабарлайды pikirmedia.kz
Бұл Өзбекстан шекарасына 25 км жер.Кептелісте тұрған жүк көліктерінің нақты саны әзірге белгісіз. Жүргізушілер бірнеше күннен бері жол жүре алмай отырғанын айтады.
Көліктердің не себепті өткізілмей жатқаны әзірге нақтыланбаған.





