Ғылымға бөлінген 945 млн теңге жымқырылған

Алматыда «Ғылым қоры» АҚ-ның ғылыми жобаларды коммерцияландыруға бөлген қаражатын жымқыру дерегі бойынша «Bal halal» ЖШС директорының тергеуі аяқталды.

2023–2024 жылдары компания өсімдік шикізатынан макарон өнімдері мен дәрумендерге байытылған ұн өндіретін төрт жобаны іске асыру үшін 1,15 млрд теңге алған. Алайда сатып алынған жабдықтар жоспарланған өнімді өндіруге жарамсыз болып шыққан.

Тергеу мәліметінше, 736,4 млн теңге күдіктімен байланысы бар компаниялардың есепшоттарына аударылып, заңсыз айналымға шығарылған. Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 945 млн теңгені құраған.

Күдікті қамауға алынды. Сот санкциясымен жалпы құны 830 млн теңге болатын 5 жер телімі, 4 автокөлік, Астанадағы пәтер, коммерциялық нысан және зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.

Еще больше интересного

АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ: ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖАҢҒЫРЫП, ҚОЛЖЕТІМДІЛІК АРТУДА

Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – елдің әлеуметтік тұрақтылығы мен өмір сапасын айқындайтын маңызды міндет. Қазақстанда бұл бағыттағы...

АГРОӨНЕРКӘСІПТІК КЕШЕН: ТЕРЕҢ ӨҢДЕУ МЕН ЦИФРЛАНДЫРУҒА БАСЫМДЫҚ

Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені экономиканың маңызды тіректерінің бірі саналады. Қазір салада ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеу, өндірісті технологиялық...

Тоқаев «Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталуына пікір білдірді

https://youtu.be/vgcDg3QlTuU «Кеше еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ұсталғаны туралы мәлімет таратты....