Қазақстан мен Түркия атом саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Қазақстан мен Түркия атом саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастады. Атом саласын дамыту қауымдастығы (AIDA) мен Түркияның атом өнеркәсібі қауымдастығы (Nuclear Industry Association of Türkiye, NIATR) ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат екі елдің салалық ұйымдары арасындағы әріптестікті дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға, тәжірибе алмасуға және атом энергетикасы саласындағы бірлескен бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Атом саласын дамыту қауымдастығының (AIDA) атқарушы директоры Бақытжан Қадырбаев қол қойылған келісім Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті.

«Қазақстан мен Түркия – атом энергетикасын дамытуға зор әлеуеті бар мемлекеттер. NIATR қауымдастығымен қол қойылған меморандум техникалық білім алмасуға, іскерлік байланысты дамытуға және сарапшылар алмасу бағдарламаларын жүзеге асыруға берік негіз қалайды. Әсіресе жеткізу тізбектерін дамыту, кадр даярлау және өнеркәсіптік кооперация бағытында үлкен мүмкіндіктер бар. Бұл келісім екі елдің атом салалары арасындағы ұзақ мерзімді әрі өзара тиімді ынтымақтастықтың берік іргетасына айналатынына сенімдіміз», – деді Бақытжан Қадырбаев.

Меморандум Қазақстан мен Түркия арасындағы атом саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, мамандар даярлауға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға негіз болады.

Еще больше интересного

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...

Астана мен Қосшыда дауыс беру процесі қалай өтуде? Халықаралық...

Қазақстанда елдің саяси өміріндегі маңызды оқиға – Құрылтай сайлауы өтіп жатыр. Сайлау процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз...