«Бұл – ұят. Бұл – саботаж»: Тоқаев жол сапасына жауапты шенеуніктерді қатаң сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі жолдардың жағдайын өткір сынға алып, мәселені жылдар бойы шеше алмаған немесе шешуге ниет білдірмеген жауапты тұлғаларға қатысты заң аясында қатаң шара қолданылатынын айтты.

Үкімет пен әкімдіктерге елді мекендердің ішіндегі ғана емес, олардың арасындағы жолдардың да жағдайын түбегейлі реттеуді тапсырды.

«Бұл мәселені ешкім шеше алмады – мұның өзі ұят. Немесе жай ғана шешкісі келмеді, ал бұл – саботаж. Заңның бар қатаңдығымен шара қолданамыз», – деді Президент.

Тоқаев бұған дейін де жол саласындағы жүйелі проблемаларды бірнеше рет көтерген. 2023 жылғы Жолдауында саладағы жемқорлық, мерзімдердің бұзылуы, бәсекенің әлсіздігі және құрылыс сапасының төмендігін атап өткен. Ал 2021 жылы жол құрылысы стандарттарының сақталуына қатаң бақылау орнатуды тапсырған еді.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...