
Тергеу материалдарына сәйкес, бұрынғы инспектор пробация есебінде тұрған сотталушыдан заңда көзделген шараларды қолданбау үшін ақша талап еткен. Ол сотталушыны көлік жүргізу құқығынсыз және кейін мас күйінде көлік басқарғаны үшін жауапкершіліктен арашаламақ болған.
Инспектор 400 мың теңгені өз кабинетінде алған сәтте ҰҚК қызметкерлері ұстады. Сотта кінәсін мойындаған бұрынғы қызметкер бас бостандығынан айырмауды сұраған. Алайда сот оған 12 миллион теңге айыппұл салу туралы үкім шығарды.





