
Қазақстанда науқастарға тегін берілуі тиіс дәрілерді заңсыз сату деректері анықталды. 2026 жылы мұндай заңбұзушылыққа жол берген 788 субъект тіркелген. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.
Заңбұзушылықтар дәрілерді цифрлық таңбалау жүйесі арқылы анықталған. Сондай-ақ препараттарды қайта айналымға енгізу және белгіленген шекті бағадан қымбат сату деректері тіркелген.
Министрдің айтуынша, анықталған заңбұзушылықтар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есе артқан. Кінәлілерге әкімшілік хаттама толтырылып, айыппұл салынған.





