«Шетелдік» астықты «қазақстандық» етіп көрсеткен схема әшкереленді

Фото ашық дерек көзінен

Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында астықтың сұр импортына қатысты схеманың жолын кесті.

Тергеу дерегінше, шетелден әкелінген астық “қазақстандық” деп сыртқа сатылған. Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын 130 мың тоннаға жуық астық Өзбекстанға, Ауғанстанға және Тәжікстанға экспортталған.

Бұдан «ҚТЖ – Жүк тасымалына» келтірілген залал көлемі 1 млрд теңгеден асады. Мемлекетке келген жалпы залал 1,2 млрд теңгені құрады.

Астықтың шығу тегін жасыру үшін жалған басшылардың атына компаниялар тіркеліп, отандық шаруа қожалықтарымен жалған келісімшарттар жасалған. Соның арқасында импорттық астық Қазақстанда өндірілген өнім ретінде рәсімделіп, экспорт кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған.

Іске қатысы бар деп көрсетілген компаниялар қатарында «Bakery Nan», «KazGrano», «Perfect Seed», «Weizen» және «Golden Grain Kazakhstan» ЖШС-лары бар.

Бес адам күдікті деп танылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталып, іс материалдарымен танысу басталды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат әзірге жарияланбайды.

Еще больше интересного

Олжас Бектенов шетелдік инвесторларға “Халықтық құрылыс” бағдарламасы туралы айтты

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің (ШИК) аралық отырысын өткізді. Онда халықаралық бизнестің...

Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президентімен кездесті

https://youtu.be/CBOKfbjcxzQ Президенттер цифрландыруды және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін, сондай-ақ ертең өтетін AI Journey 2026 халықаралық конференциясын талқылады. Сонымен қатар...

Биліктің жаңа құрылымындағы мәслихаттар: өкілеттік пен ресурс артып, халық...

2026 жылғы 25 қарашада Қоғамдық саясат институты «Әділет» партиясының алаңында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысын өткізді. Жиын...