Астанадағы әйел өлімі: төрт полицей қызметінен кетті

Астанада 30 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қабылданды.

Бұған дейін әйелдің бұрынғы күйеуі тарапынан қысым мен қорқытуға байланысты полицияға бірнеше рет жүгінгені белгілі болды. Атап айтқанда, 7 және 9 қыркүйекте ер адам әйелді пышақпен қорқытқаны туралы деректер бар. Әйелге қатысты қорғау нұсқамасы да шығарылған.

23 қыркүйекте әйел тұрғын үй ауласындағы автотұрақта бұрынғы күйеуінің шабуылынан қаза тапты. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Осыдан кейін Ішкі істер министрлігінің Өзіндік қауіпсіздік департаменті әйелдің бұған дейінгі арыздарын қараған полиция қызметкерлерінің әрекетіне қызметтік тексеру жүргізді.

Тексеру нәтижесінде төрт полиция қызметкері теріс себептермен жұмыстан шығарылған. Олар — Сарыарқа аудандық полиция басқармасының тергеушісі мен учаскелік инспекторы және Нұра аудандық полиция басқармасының екі учаскелік инспекторы.

Сонымен қатар екі аудандық полиция басқармасының бастықтары мен олардың орынбасарлары, сондай-ақ Астана қаласы Полиция департаменті бастығының бір орынбасары қызметінен босатылды.

Ал Полиция департаментінің бастығы мен тағы бір орынбасары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Еще больше интересного

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...

«Шетелдік» астықты «қазақстандық» етіп көрсеткен схема әшкереленді

Қаржылық мониторинг агенттігі Батыс Қазақстан облысында астықтың сұр импортына қатысты схеманың жолын кесті. Тергеу дерегінше, шетелден әкелінген астық...