Ұлттық ұланға күзгі әскерге шақыру басталды

7 мыңнан астам жас қазақстандық Ұлттық ұлан қатарына қосылады. Күзгі шақыру науқаны 9 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтеді.

Биылғы алғашқы шақырылым Астанадан басталды. Елордадан 35 жас азамат Алматыдағы 5571 әскери бөліміне аттанса, Абай облысынан келген 20 сарбаз Астанадағы 5573 әскери бригадасында қызмет етеді.

Мерзімді әскери қызмет кезінде сарбаздар әскери дайындықтан өтіп, түрлі мамандықтарды меңгереді. Үздік сарбаздарға «Сарбаз 2.0» бағдарламасы арқылы тегін жоғары білім алу мүмкіндігі беріледі. Қазір 70-тен астам жоғары оқу орны Ұлттық ұланмен меморандумға қол қойған. Нәтижесінде жыл сайын 1 400-ден астам сарбаз білім грантына ие болады.

Әскери қызметін кәсіби жолға айналдырғысы келетін жастар мерзімді қызметтен кейін келісімшарт бойынша қызметін жалғастыра алады.

Бүгінде Ұлттық ұланның 7 мыңнан астам әскери қызметшісі еліміздің 21 қаласында қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған. Биылғы алты айда олар 1,3 мыңнан астам тапсырма орындап, 6 мыңнан астам құқық бұзушыны полицияға жеткізген. Оның ішінде 151 адам қылмыс жасады деген күдікпен ұсталған.

Еще больше интересного

Алматыда РФММ-нің 47 оқушысы ауруханаға түсті

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің 47 оқушысы жіті ішек инфекциясының белгілерімен ауруханаға жатқызылды. Балалар 12 және 13 қазанда...

Камералар, кездесулер және жаңа идеялар: Astana Media Week 2026...

Бір жерде сұхбат жазылып жатыр, екінші жақта спикерлер пікір алмасуда. Камерасын дайындаған тілшілер, әріптесін кездестірген журналистер, жаңа...

Қазақстан 2027 жылы триллиондаған теңгені қайда жұмсайды?

Қазақстанның 2027 жылғы республикалық бюджет шығыны 30,2 триллион теңге болады. Оның басым бөлігі әлеуметтік салаға, өңірлерді дамытуға,...