Қазақстан Президенті дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде дауыс берді,-деп хабарлайды Ақорда.

Дауыс беру рәсімінен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, референдумның тарихи маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы бұл күннің ел тағдыры үшін ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін маңызды құжат болмақ.

Президенттің сөзінше, жаңа Ата заң Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтып, мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған. Сондай-ақ ол 1995 жылы қабылданған Конституция елдің дамуына айрықша үлес қосқанын, алайда уақыт талабына сай жаңа құжат қабылдау қажеттігі туындағанын айтты.

– Біз 35 жыл бойы осы Конституциямен өмір сүрдік. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Сондықтан жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене қатыстым. Құжаттың преамбуласын және бірқатар нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігі мен болашағына қызмет етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Брифинг барысында Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, журналистердің халықаралық күн тәртібіне қатысты сұрақтарына да жауап берді.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...