Сенаторлар зейнетке шығу жүйесін қайта қарауды ұсынды

Парламентте еңбек өтілі бойынша зейнетке шығу тәртібін өзгерту мәселесі сөз болды.
Сенатор Амангелді Нұғманов зейнетке шығудың жасқа негізделген моделінен біртіндеп еңбек өтіліне негізделген жүйеге көшуді ұсынды.

Оның пікірінше, азаматтарға қажетті еңбек өтіліне қол жеткізгеннен кейін зейнетке шығу уақытын өздері анықтауға мүмкіндік беру қажет. Бұл ретте азамат қабылдаған шешімі үшін экономикалық жауапкершілікті де өз мойнына алады.

Сенатор мұндай тәжірибе қазірдің өзінде жекелеген санаттарға — әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қолданылып отырғанын атап өтті. Аталған жүйеде олар зейнетке еңбек сіңірген жылдарына қарай шығады.

Болжам бойынша, мұндай реформа жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, әлеуметтік төлемдерге тәуелділікті азайтуға және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жүктемесін қоса алғанда, зейнетақы жүйесінің тұрақтылығын арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Еще больше интересного

Экс-министр көпке ұзамай жаңа қызметіне кірісті.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711638565511400705?is_from_webapp=1&sender_device=pc&web_id=7589234703795848716 «Самұрық-Қазына» АҚ Басқармасының шешімімен Нағаспаев Ерсайын Қайырғазыұлы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды ,-...

Ауыс-түйіс.Ақордадан жеткен жаңалық.

https://www.tiktok.com/@pikirmedia.kz/video/7711631391267523861?is_from_webapp=1&sender_device=pc Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымынан босатылды. Указом Главы государства Нагаспаев Ерсайын Каиргазиевич...

Қазақстанда жаңа мұнай-газ кен орындарын игеру басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасеновті қабылдады.Ақорданың хабарлауынша, Асхат Хасенов ұлттық компанияның...