Қырғызстанда өткен Көшпенділер ойындары даумен аяқталды

Фото:Fergana.media

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталды. Ауқымды әрі салтанатты түрде басталған дода финалға қарай спорттық нәтижелер мен төрелікке қатысты үлкен пікірталасқа ұласты.
Көкбөрі бәсекесі кезіндегі трибунада болған жанжал халықаралық жарыстың беделіне көлеңке түсірді. Спорт алаңында эмоция болуы заңды. Алайда төрешілікке наразылықтың жанжалға ұласуы – спорттық мәдениет тұрғысынан алаңдатарлық жағдай. Бұл оқиға Көшпенділер ойындарының тарихында жағымсыз эпизод ретінде қалды.
Ол аздай жарыс нәтижелеріне қатысты да дау туды. Қазақстан мен Қырғызстанның көрсеткіші сәйкеспей, кім жеңді?- деген сұраққа жауап іздеп сабылдық. Ақырында қырғыз тарабы Қазақстан жеңіске жеткенін мойындады.
Қырғызстан Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов бұған дейінгі жарияланған медаль саны қайта есептелгенін айтты.
«Командалық есеп бойынша медальдарды санау кезінде тек техникалық айырмашылық туындады. Бүгін ұйымдастыру комитеті Қазақстанның үш спортшысының әрқайсысының медалін жеке есептеу туралы шешім қабылдады. Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан бірінші орынға ие болды. Қазақ бауырларымызды жеңісімен құттықтаймыз!»,- деді ол

Шешімдердің өзгеруі, медальдардың қайта қаралуы спорттағы ең басты қағидат – әділ бәсекеге деген сенімге сызат түсіреді. Халықаралық деңгейдегі додада нәтиже алаңдағы тартыстың емес, нақты бекітілген ережелер мен ашық төреліктің негізінде анықталуы тиіс.
Ашылу салтанатының жоғары деңгейде өткенін қайтейік, жарыстар кезінде орын алған даулы жағдайлардың арасында үлкен айырмашылық байқалды. Мыңдаған көрермен тамашалаған халықаралық доданы өткізу – тек сахнаны безендіріп, салтанатты рәсім ұйымдастыру емес. Оның ең маңызды бөлігі – жарыстың әділ өтуі, төрешіліктің ашықтығы және спортшыларға бірдей жағдай жасалуы.
Көшпенділер ойындары – тек Қырғызстанның ғана емес, бүкіл түркі және көшпелі мәдениеттің ортақ бренді екені мәлім.

Еще больше интересного

Баян Мақсатқызы: Зорлық-зомбылыққа бейжай қарауға болмайды

Баян Мақсатқызы «Talk Like» бағдарламасында қоғамдағы зорлық-зомбылық мәселесін қозғады. Оның айтуынша, бұл тек Қазақстанға ғана тән құбылыс...

Әлеуметтік азық-түлік бағасы төмендеді: пияз 7,2%-ға арзандады

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың 26 тамызы мен 2 қыркүйек аралығында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының...

Полиция қызметкері күйеу баласына оқ атқан

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бұрынғы полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық істі қарады. Сот материалдарына...