10 адам қаза тапты

Қытайдың оңтүстік-батысында бірнеше күн бойы жауған нөсер жаңбыр ауыр зардаптарға әкелді. Су тасқыны мен лай көшкінінен үйлер қирап, кемінде 10 адам көз жұмды, 17 адам жарақат алды. Ең көп зардап шеккен аймақтардың қатарында Сычуань провинциясы мен Гуанси өңірі бар.

Сычуаньда ауылдағы үйлердің бірі жауын суының әсерінен опырылып, бес адам қаза тапқан. Қайғылы жағдай 18 тамызда балалардың жоғары оқу орнына түсу нәтижесін атап өтуге арналған жиын кезінде болған. Чаннин уезінде тағы бір үйдің құлауынан үш адам көз жұмды. Тағы екі адам ауруханада қайтыс болған. Нөсер жауын таулы аймақтарда лай көшкіні мен су тасқыны қаупін күшейтіп, бірқатар жолдың жабылуына себеп болды. Қауіпсіздік мақсатында Чэнду, Цзыгун және басқа да аудандардан 21 784 адам эвакуацияланды. Синоптиктер жауын-шашынның жалғасуына байланысты өңірде жаңа су тасқыны мен лай көшкіні қаупі сақталып отырғанын ескертті. Құтқару қызметтері апаттан зардап шеккен аумақтарда жұмысын жалғастырып жатыр.

Еще больше интересного

Қазақстан армиясы реформаланады: әскерге шақырылушылар алты ай оқып, алты...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізіп, әскери реформа жоспарын қарады. Мемлекет басшысы заманауи, ұтқыр әрі технологиялық...

Астанада есірткі қосылған 238 печенье тәркіленді

Астанада интернет-дүкен арқылы есірткі сатты деген күдікпен 30 жастан асқан бес ер адам ұсталды. Тінту кезінде олардан...

Қазақстаннан 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз шығарылған

ҰҚК мұнай өнімдерін шетелге заңсыз экспорттаған ұйымдасқан топтың қызметін тоқтатты. Тергеу дерегінше, 2019–2023 жылдары Batys Nefte Trade...