Астанадағы өрт: құтқарылған әйелдің жағдайы ауыр күйінде қалып отыр

Видео: ТЖМ

Астанада көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт кезінде зардап шеккен әйелдің жағдайы туралы дәрігерлер мәлімдеді. Аталған өрттен үш бала қаза тапқан болатын.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы ауыр.

Травматолог дәрігер Марат Сабиров:
«Алған жарақаттары, әртүрлі дәрежедегі және тереңдіктегі күйіктер, сондай-ақ травматикалық шок салдарынан жағдайы ауыр күйінде қалып отыр», — деді.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Есіл ауданында Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде шыққан. Құтқарушылар шамамен 20 адамды эвакуациялады, алайда пәтер ішінен үш кәмелетке толмаған баланың денесі табылды.

Зардап шеккен әйел күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Астана қалалық Полиция департаменті балалардың қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Өз кезегінде, Астана қаласының ТЖД мәліметінше, пәтер екі құлпы бар темір есікпен жабылған, оны құтқарушыларға бұзып ашуға тура келген. Үйдегі өрт дабылы іске қосылғанымен, аулаға кіру жабық қақпа мен ретсіз қойылған көліктерге байланысты қиын болған.

Соған қарамастан, өрт сөндірушілер жалынды оқшаулап, оның көрші пәтерлерге таралуына жол бермеді.

Қазіргі уақытта өрттің нақты себебін анықтау үшін сараптамалар тағайындалды.

Еще больше интересного

Қошанов: Әр адамның пікірі ескерілуі керек

Қазақстан Халық Кеңесінің Төрағасы Ерлан Қошанов қоғамдық кеңестердің өкілдерімен кездесті. Жиында өңірлердегі халықтың ұсыныстарын ескеру және өзекті...

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...