Астаналықтардың шағымы

Астаналықтардың шағымы

Қала тұрғындарымен кездескен әкім Жеңіс Қасымбекке шағымданғандар саны көп болды. Астананың әкімі жергілікті халықпен мұндай кездесулерді жылына 6 рет өткізеді. Себебі елорданың алты ауданы бар. Бұл жолы Жеңіс Қасымбек Астана қаласының Алматы ауданының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар марафон кезінде жолдардың жабылуына шағым түсірді. Қалада екі демалыс сайын жарыс өтеді. Спортқа бетбұрған жақсы ғой, бірақ жолдарды жауып астаналықтардың көлікпен қозғалуына кедергі келтіріп жатады. Әкім де жолды жабуды құптамайтынын айтып, мүмкіндігінше марафонды айналма жолдарда, велосипед жолдары мен басқа да тротуарларға шығарамыз деді.

Астаналықтардың шағымы

Үлескерлер проблемасы күн тәртібінінен түспейтін тақырыпқа айналды. Баспаналы боламын деп,жиған-тергенін енді салынып жатқан тұрғын үйге құйып, алданып қалып жатқандар көп. Аңғал халық арамза кәсіпкерлердің арбауына түсіп жатыр.Әкіммен кездесуде шағымын айта келгендердің жанайқайына куә болдық. Бұл жолы «Құрманғазы» ТК кешеніне ақша құйған жүздеген үлескер алданып қалған. Әкім шағымданушыларды жеке қабылдайтынын айта келе, үлескерлерге ақша құйас бұрын құрылыс компаниялары жайында ақпаратты әбден зерттеп алуға кеңес берді. Ал алданған үлескерлер болса, іс қозғалып, тергеу жүріп жатқанымен салған ақшасын қайтарып алатынына сенбейді.

Сондай-ақ, кездесу барысында 1-2 топтағы мүгедектігі бар жандар да әкімге өз шағымын айта келген. Сирек кездесетін ауруға шалдыққан науқастарға шетелде ем алу үшін мемлекттен квота бөлу мәселесін талап етіп келгендер де болды. Кейбірғимараттарда мүкіндігі шектелу жандардыңжүріп-тұруына жағдай жасалмағаны да айтылды. Пандустар өте ыңғайсыз дейді тұрғындар. Астана тұрғындарын алаңдатқан мәселелердің қатарында қала шетіндегі жекеменшік үйлер орналасқан аудандарда қаңғыбас иттердің көбейіп кеткені де айтылды.

Тағы оқыңыз...

Индустриядағы іске аспаған жоба

Дамыған автомобиль өнеркәсібі – кез келген елдің индустриялық және технологиялық деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі. Осыны ескерген...

Инфляцияны төмендету мәселесі Үкімет бақылауында.

Премьер-министр Олжас Бектенов өңір әкімдеріне азық-түлік бағасын тұрақтандыру тетіктерін белсенді қолдануды тапсырды. Соңғы екі айда инфляция 12,4%-ға...

Аким Астаны попросил депутатов быть осторожнее в высказываниях

Во время сессии столичного маслихата аким Астаны Женис Касымбек призвал депутатов тщательнее подбирать слова и отвечать за...