Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Фото: qazdauiri

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл саясаттың негізгі мақсаты – шикізаттық бағыттан алшақтап, бәсекеге қабілетті, жоғары технологиялық және экспортқа бағдарланған өндірістерді дамыту.

Қабылданған тәсілдер «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң аясында бекітіліп, мемлекеттік қолдаудың нақты бағыттарын айқындайды. Атап айтқанда, орта және жоғары деңгейіндегі тауарлар басымдыққа ие. Бұл – ұзақ мерзімді экономикалық тұрақтылықтың негізі.

Мемлекеттік қолдау құралдарының ішінде «Бәйтерек» холдингі жүйесі арқылы қаржыландыру ерекше рөл атқарады. 2026 жылы өңдеуші өнеркәсіп жобаларын қолдауға 329 млрд теңге бөлінуі – соның дәлелі. Оның ішінде ірі жобаларды қаржыландыру, даму институттарының капиталын ұлғайту,
инвестициялық қорлар арқылы қолдау шаралары қарастырылған.

Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету де басты назарда. Бүгінде елімізде 17 арнайы экономикалық аймақ пен 66 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Бұл алаңдарда жүздеген жобалар іске асырылып, ондаған мың жұмыс орны құрылды.

Цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу де өнеркәсіптік саясаттың жаңа бағытына айналды. Қазірдің өзінде 40-тан астам жоба жүзеге асырылып, ірі кәсіпорындар өндірістік процестерді автоматтандыруға көшуде.Мемлекет басшысы бұл бағыттың стратегиялық маңызын бірнеше рет атап өткен болатын:
«Біздің басты мақсатымыз – экономиканы әртараптандыру арқылы өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, жоғары технологиялық өндірістерді қалыптастыру және еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», – деген еді Президент өз Жолдауында.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Кемелұлыиндустрияландырудың жаңа кезеңінде тек көлем емес, сапа маңызды екенін атап өтті:
«Қазақстан шикізаттық тәуелділіктен арылып, жоғары сұрыпты өнім өндіретін елге айналуы тиіс».

Жалпы алғанда, жаңа өнеркәсіптік саясат – бұл тек өндірісті дамыту ғана емес, экономиканың құрылымын түбегейлі жаңғыртуға бағытталған кешенді модель. Осының нәтижесінде Қазақстан жоғары сұрыпты, сұранысқа ие өнімдер шығаратын индустриялық ел ретінде қалыптасуға нық қадам жасауда.

Еще больше интересного

Алматыда мектеп психологтарына балалардың суицид қаупін ерте анықтау үйретілді

2026 жылғы 17-21 тамыз аралығында Алматы қаласында «Балалар мен жасөспірімдер арасындағы психикалық денсаулықты нығайту және суицидтік мінез-құлықтың...

Екі партия қажетті 5 пайыздық межені еңсере алмады.

«Әділет» партиясы Құрылтай сайлауында 71.80% дауыс жинап, көштің басында тұр. “Ауыл” партиясы 6,4, % Respublica партиясы 5,40%,...

Бағдат Мусин Құрылтай сайлауында дауыс берді

“Қазақтелеком” АҚ басшысы Бағдат Мусин бүгін Құрылтай сайлауында дауыс берді. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында технология мен цифрландыру саласындағы...