Атырауда ер адамды аяусыз ұрып-соғу видеосы тарады

Атырауда ер адамды аяусыз ұрып-соғу видеосы тарады

Интернетте Атырау қаласында ер адамды қатыгездікпен ұрып-соғу сәті түсірілген бейнежазба пайда болды. Оқиға 18 қаңтар күні қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде болған.

Видеодан екі ер адамның бір келушіге тікелей мекеме ішінде шабуыл жасағаны көрінеді. Шабуылдаушылардың бірі жәбірленушіні аса қатігездікпен соққыға жыққан. Қақтығысқа араша түспек болған тағы бір адам да бет тұсынан соққы алған.

Кейін төбелес далада жалғасып, жәбірленуші тағы да соққыға жығылған.

Атырау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, сол күні «102» нөміріне қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде төбелес болғаны туралы хабарлама түскен.

Полиция қызметкерлері 32 және 33 жастағы екі күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта оқиға бойынша «Бұзақылық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...