Daily Mail: Трамп Гренландия тұрғындарына әрқайсысына 1 миллион доллар ұсынуы мүмкін

Британдық Daily Mail газеті АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия тұрғындарына аралдың АҚШ құрамына қосылуын қолдап дауыс берген жағдайда әрқайсысына 1 миллион доллар ұсынуды ойластырып отырғанын хабарлады.

Басылым мәліметінше, Трамп қазіргі уақытта осындай бастаманы қарастырып жатыр. Гренландияда шамамен 57 мың адам тұрады. Алайда бұл ақпараттың ресми растамасы жоқ — Дональд Трамптың өзі мұндай мәлімдеме жасаған емес.

Бұған дейін Forbes журналы Трамптың дәулетін 4,9 миллиард доллар деп бағалаған. Сонымен қатар, Forbes тізіміне енген Қазақстанның кемінде бес азаматы АҚШ президентінен бай екені айтылған.

Жақында Трамп АҚШ пен НАТО Гренландияға қатысты келісімнің алдын ала шарттары бойынша уағдаласқанын мәлімдеді. Осыдан кейін ол бұрын сегіз еуропалық елге енгізілген кедендік баж салығын алып тастады.

Сонымен қатар, Дания билігі Гренландияны АҚШ-қа сату мәселесін талқылауға ниетті емес екенін мәлімдеді. Елдің сыртқы істер министрі Копенгаген өз қағидаттарынан бас тартуға дайын емес екенін атап өтті.

Ал Ресей президенті Владимир Путин Гренландияның ықтимал бағасы туралы пікір білдіріп, аралды Алясканы сатып алумен салыстырды.

Тағы оқыңыз...

Түркі әлемінің ортақ тарихы: «Түркістан» энциклопедиясы жарық көрді

Түркістанда 880 беттен тұратын екі томдық энциклопедия таныстырылды. Бес жыл әзірленген ғылыми жобаға 300-ден астам ғалым қатысып, оған академик Дархан Қыдырәлі жетекшілік етті. Түркістан облысы...

Тоқаевтың Германияға ресми сапары

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен кездесті. Мемлекет басшылары шағын құрамда келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен...

Астанадағы әйел өлімі: төрт полицей қызметінен кетті

Астанада 30 жастағы әйелдің бұрынғы күйеуінің қолынан қаза табуына байланысты полиция қызметкерлеріне қатысты қатаң шаралар қабылданды. Бұған дейін...