Аудиторлар триллиондаған теңгеге бюджет бұзушылықтарын анықтады

Аудиторлар триллиондаған теңгеге бюджет бұзушылықтарын анықтады

Қазақстанда мемлекеттік аудиттердің қорытындысы бойынша бюджет қаражатын пайдалану барысында ауқымды бұзушылықтар анықталды. Бұл туралы 2025 жылғы 24 желтоқсанда Мәжілістегі брифингте Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов мәлімдеді.

Смайыловтың айтуынша, биыл 32 аудит аяқталған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда көп, былтыр 27 аудит жүргізілген. Тексерулер 70 трлн теңгеден астам бюджет қаражатын қамтыды.

Нәтижесінде аудиторлар 2 трлн теңгеден астам бұзушылықты анықтады. Оның ішінде шамамен 500 млрд теңге қаржылық бұзушылықтарға тиесілі болса, 1,5 трлн теңгеден астамы бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану фактілері.

Тексеру қорытындысы бойынша 193 жеке және заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 204 лауазымды тұлғаға тәртіптік жаза қолданылды. Сонымен қатар қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материалды құқық қорғау органдарына жолдау туралы шешім қабылданды. Қазіргі таңда олардың 44-і жолданып, тағы 26 материал жіберу сатысында тұр.

Тағы оқыңыз...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...

Астанада көктемгі тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық тазалау жұмысын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Астана қаласы...

Жаңа өнеркәсіптік саясат: Экономиканы әртараптандырудың жаңа кезеңі

Қазақстанда жаңа өнеркәсіптік саясат ел экономикасын сапалы трансформациялауға бағытталған жүйелі қадамдардың бірі ретінде іске асырылып келеді. Бұл...