БАӘ –мен тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу мақсаты тұр

12 мамыр күні Абу-Даби тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның Қазақстанға ресми сапары аясында «Астана» халықаралық қаржы орталығында «Қазақстан – Біріккен Араб Әмірліктері» іскерлік форумы өтті. Іс-шара екі елдің мемлекеттік және іскерлік құрылымдары өкілдерінің диалог алаңына айналды.

Іс-шара аясында бірнеше сессия өтті. Онда цифрлық технологиялар, қаржы секторындағы трендтер, урбанистика және «жасыл» экономика мәселелері талқыланды. Форумға қатысушыларға Kazatomprom, QazaqGaz, ERG, BI Development, Transtelecom, Cerebra AI, Forte Bank, AIX, Presight AI Kazakhstan, Qazaqstan Venture Group және басқа да ірі компаниялардың жобалары таныстырылды. БАӘ тарапынан да Masdar, AMEA Power, SMARTWATT, Abu Dhabi Commercial Bank, Dubai Science Park, TECOM Group сияқты жетекші компаниялардың жетістіктері баяндалды деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

БАӘ –мен тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу мақсаты тұр

Форумның ашылу салтанатында ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, БАӘ Сыртқы сауда министрі доктор Тани бин Ахмед Әл Зейуди, «Атамекен» ҰКП Қазақстанның сыртқы сауда палатасының басқарма төрағасы Мұрат Қарымсақов пен БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының Бас хатшысы Хумайд бен Салем айтулы жниыға қатысушыларға ілтипат сөзін жеткізді.ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Қазақстанның алдында БАӘ-мен екіжақты тауар айналымын 1 млрд долларға дейін жеткізу бойынша нақты мақсаты тұрғанын айтты.

«Біз бет алған нақты бағдар — экспортты әртараптандыру және ынтымақтастықты кеңейту. Қазақстан айтарлықтай экспорттық әлеуетке ие, агроөнеркәсіптік кешенде өсімдік майлары, қой еті, мал азығы, бидай және т.б. сияқты өнімдер бойынша әлеует 96 млн доллардан асады. Металлургиялық өнімдер 250 млн доллардан астам өсімді қамтамасыз ете алады. Өсу әлеуеті 19 миллион долларлық химия өнеркәсібінде – ең алдымен полипропилен сегментінде, сондай-ақ экспорт көлемі 30 миллион доллардан асатын машина жасау ісінде айтарлықтай мүмкіндіктер ашылуда. Минералды тыңайтқыштарды, құрылыс және мұнай сервистік қызметтерін экспорттауда, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласында қосымша әлеует бар» -деді ол.

Өз сөзінде БАӘ Сауда-өнеркәсіп палаталары федерациясының Бас хатшысы Хумайд бен Салем

-«Көп жылдан бері біздің елдерімізді өзара сенім, құрмет пен прогреске негізделген терең дипломатиялық және сауда байланыстары біріктіреді. Бүгін біз қол жеткізген табыстарды ғана емес, сонымен қатар алда тұрған тамаша мүмкіндіктерді де атап өтудеміз. Біздің экономикалық байланыстарымыз жыл сайын нығайып келеді, бұл – энергетика, сауда, инфрақұрылым, технологиялар және тұрақты даму сияқты маңызды салаларға салынған инвестициялардың нәтижесі»-деп қостады.

БАӘ –мен тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына жеткізу мақсаты тұр

Сондай-ақ, сессиялармен қатар қаржылық, энергетикалық, тау-кен, high tech, медицина және басқа да салалары бойынша екі елдің бизнес өкілдері арасында B2B форматында бірқатар кездесулер ұйымдастырылды.

Қазір АХҚО-да БАӘ-ден 46 компания тіркелген, олар қаржы және сақтандыру, ғылыми және техникалық қызмет, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, сауда, көлік, өңдеу және тау-кен өндіру өнеркәсібі және басқа да салаларда жұмыс істейді.

Тағы оқыңыз...

Бизнеске түрмеде жұмыс орнын ашу ұсынылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнесмендерге түзеу мекмелерінде жұмыс орындарын ашуды ұсынды. Ақорданың хабарлауынша, мемлекет басшысы бұл жайында...

200 млрд теңгеден қағылып отырмыз

Қазақстан күрделі мәселеге тап болды. Елдегі жекелеген компаниялар салық төлеуден жалтару үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО)...

Қазақстаннан 15 млрд доллар шығарылған

Елден криптовалютаны пайдалана отырып, ауқымды көлемде капиталдың шығарылған. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров цифрлық активтер заңсыз қаржы шығаруға...