Бір палаталы Парламент құрылады

Бір палаталы Парламент құрылады

Алда саяси науқан. Тағы да референдум, тағы да сайлау. Қазақстанда бір палаталы Парламент құрылады. Ал бұл жүйені енгізу үшін 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізу керек. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында осы бастамасын жариялады.Елде бір палаталы Парламент құрылуы керек деген пікір саясаткерлер арасында он жылдан бері айтылып келгенді. Бүгінгі қос палаталы Парламентте Сенатты таратып, бір палата құру әлдеқайда тиімді екені, бір палаталы Парламент -демкоратиялық жол деген пікірлер айтылғанды. Жолдауда Тоқаев парламенттік реформа туралы айта келе, бір палаталы Праламент құруды ұсынды.


Мен Сенатқа он жыл басшылық еттім. Бұл жұмысты қашанда зор мәртебе әрі үлкен жауапкершілік деп санадым. Сондықтан маған осы мінберден парламенттік реформа туралы айту оңай емес. Соған қарамастан мен дәл бүгін елімізде көп ұзамай бір палаталы Парламент құру туралы бастама көтергім келеді. Оны талқылауға бір жыл уақыт керек. 2027 жылы жалпыұлттық референдум өткізуге болар еді. Содан соң Конституцияға тиісті өзгеріс енгізе аламыз. Егер бір палаталы Парламент құру қажет деген ортақ шешімге келсек, ондай Парламентті тек қана партиялық тізім бойынша сайлаған жөн деп санаймын.

Тоқаевтың айтуынша бұл — әлемде кеңінен тараған парламенттік рәсім. Егер қазақстандықтар референдумда бір палаталы Парламент қажет деп тапса, онда Сенат жабылады. Осылайша, Мәжілістің қазіргі құрамы барлық заңдық рәсімдер аяқталғанша өз ісімен айналысады. Сенат жалпыұлттық референдумның қорытындысы шығып, жаңа Парламент сайлауы өткенге дейін алаңсыз жұмыс істей береді. Ал саяси партияларда жаңа науқанға дайындалуға уақыт бар деді Президент.

Тағы оқыңыз...

Шығармашылық серпін: Жаңа мүмкіндіктер

Астана қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту бағытында жүйелі әрі ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл...

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...