Депутаттардың аймақтарға сапары басталды

Жетісу облысына іс -сапарында Парламент Мәжілісінің депутаты Ерболат Саурықов Төтенше жағдайлар департаментінің қызметімен танысты. Онда департаменттің материалдық-техникалық мүмкіндіктерін көріп, азаматтық қорғау саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып,жеке құраммен кездесті.

Қазіргі таңда облыс аумағында төтенше жағдайлар саласында 715 қызметкер еңбек етсе, оның 120-сы облыстық департаментте қызмет атқарады. Кездесуде төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері, қызметкерлердің әлеуметтік жағдайы, салада қордаланған түйткілдер мен оларды шешудің ықтимал жолдары кеңінен талқыланды.
Депутат Саурықовтың айтуынша, төтенше жағдайлар қызметі облыс көлемінде орнатылған 1347 бейнебақылау камерасын күндіз-түні бақылауда ұстап отыр. Өткен жылы өңірде 406 өрт оқиғасы және 5 суға қатысты төтенше жағдай тіркелген. Бұл оқиғаларда адам шығыны болғанын сала мамандары жасырмады.

Мәжілісмен Жетісулық құтқарушылардың жаңа қызметтік көліктермен, арнайы техника және заманауи жабдықтармен қамтылғанына көз жеткізді.
“Бұл өз кезегінде төтенше жағдайлардың алдын алу мен жедел әрекет етуге оң ықпалын тигізері сөзсіз. Алайда, салада мамандардың жетіспеушілігі бар екен”-деді депутат.

Кездесуде мәжіліс депутаты құтқарушылардың жауапкершілігі жоғары, әрі аса қауіпті қызмет атқарып жүргенін атап өтті.

“Олардың еңбегі әрдайым қолдауға лайық. Кездесуде көтерілген ұсыныстар мен мәселелерді алдағы уақытта заңнамалық деңгейде қарастыруға дайынмын”, -деді Ерболат Саурықов.

Тағы оқыңыз...

Сәпиев жаңа қызметке тағайындалды

Серік Сәпиев ҚР Туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия ойындарына дайындық штабының...

Теңіз кен орнында мұнай өндіру қайта жанданды

ҚР Энергетика министрлігі Теңіз кен орнында өндірістік операциялардың қайта басталғанын хабарлайды. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, бүгін сағат 03:35-те...

Әскерге шақыру мәжбүрлеусіз жүзеге асуы тиіс

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек...