Gulfood 2026: Қазақстан – рекорд орнатты

Gulfood 2026: Қазақстан – рекорд орнатты

Дубайда өткен Gulfood 2026 халықаралық көрмесінде Қазақстан рекордтық нәтижеге қол жеткізді.

Экспорттық және инвестициялық бағыттағы 335,4 млн АҚШ долларына тең 19 келісімшарт пен меморандумға қол қойылды.
Келісімдер QazTrade ұйымдастырған дөңгелек үстел аясында жасалды.

Іс-шараға 35 қазақстандық компания, БАӘ, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Қытай және басқа мемлекеттерден 50 шетелдік серіктес қатысты.

Астық экспортына қатысты БАӘ және Оманмен 800 мың тоннаға дейін астық жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Жалпы астық келісімдерінің құны — 240 млн доллардан асады. Сонымен қатар, майлы дақылдар,кондитерлік өнімдер,бұршақ дақылдары мен күріш экспорты бойынша қазақстандық өнімдерді БАӘ нарығында дистрибуциялау бағыттары қамтылды.
ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев LuLu Group International басшылығымен кездесті. Келіссөздерде қазақстандық тауарлардың LuLu желісіндегі үлесін арттыру, логистика, қаптау және инвестициялық жобалар талқыланды.

Қазақстан Gulfood көрмесіне алғаш рет бірыңғай Ұлттық павильонмен қатысып отыр. Бұл көрме қазақстандық бизнес үшін Таяу Шығыс, Африка және Оңтүстік Азия нарықтарына шығудың нақты құралына айналды,деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...