Әскерге шақыру мәжбүрлеусіз жүзеге асуы тиіс

Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінде «Мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастырудың өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жиында депутат Ерболат Саурықов баяндама жасап, мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесінің әлеуметтік және әкімшілік тұрғыдан айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда әлемдегі тұрақсыз геосаяси жағдай, аймақтық шиеленістердің күшеюі және халықаралық қауіпсіздік жүйесіндегі өзгерістер ұлттық қауіпсіздікке жаңа талаптар қойып отыр.

Мәжілісмен мұндай жағдайда еліміздің қорғаныс қабілеті мобилизациялық тұрақтылықты қамтамасыз етуді, әскери резервтің жедел дайындығын және тиімді кадр саясатын қажет ететінін айтты. Осыған байланысты әскерге шақыруды ұйымдастыру мен Қарулы Күштерді сапалы толықтыру ішкі әкімшілік мәселе ғана емес, маңызды сыртқы саяси мәні бар стратегиялық бағытқа айналып отыр.

Сонымен қатар депутат бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды көшеде немесе жұмыс орнында мәжбүрлеп ұстап, әскери комиссариаттарға жеткізуге қатысты бейнематериалдар мен жарияланымдардың көбейгеніне назар аударды. Сондай-ақ мерзімді қызметтегі әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты ақпараттардың кеңінен таралуы қоғамда үрей туғызып отырғанын атап өтті.

Оның айтуынша, мұндай ақпараттар әскерге шақыруды физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықпен, жарақаттармен және өлім-жітіммен байланысты міндет ретінде қабылдатуға әкеліп, шақырылушылар мен олардың отбасыларында қорқыныш қалыптастырады. Бұл жағдай армияны реформалау мен жаңғырту жөніндегі ресми оң хабарламалардан басым түсіп, әскерден жалтару үрдісін күшейтуде.

Ерболат Саурықов әскер қатарын толықтыру кезінде мәжбүрлеу әдістерінен бас тарту қажеттігін айтты. Оның пікірінше, мұндай тәсілдер азаматтардың құқықтарының бұзылуына, әлеуметтік шиеленістің артуына және мемлекеттің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін.

Депутат Қорғаныс министрлігі тарапынан балама тетіктер ұсынылуы тиіс екенін атап өтті. Атап айтқанда, халықаралық тәжірибені зерттеу, мектептер мен жоғары оқу орындарында ақпараттандыру жұмыстарын күшейту, бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу, сондай-ақ шағымдар мен кері байланысқа арналған жедел желілер мен электрондық сервистерді дамыту қажеттігін жеткізді.

Тағы оқыңыз...

Теміржолшылар күні: сала қызметкерлері құрметке ие болды

Қазақстанда Теміржол көлігі қызметкерлері күніне орай Көлік министрлігінде салтанатты іс-шара өтті. Жиынға сала ардагерлері, теміржолшылар, еңбек әулеттерінің...

Қазақстандықтардың қоғамдық кеңестерге жолдаған өтініштерінің 60%-дан астамы оң шешімін...

Қазақстанда қоғамдық кеңестер институтының тиімділігі артып келеді. Биылғы алғашқы жартыжылдықта азаматтардан түскен 900-ден астам өтініш қаралып, олардың...

Сыйластық, тазалық және Заң – қазақ қоғамына жаңа құндылықтар...

ҚР Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин әлеуметтік желіде бейәдеп сөздері мен әрекеттері үшін жауапқа тартылған...