Иран мәселесі: Трамп Қытайға экономикалық қысыммен жауап бермек

Дональд Трамп Қытайға қатысты қатаң ескерту жасап, Иранды қолдаған жағдайда экономикалық шаралар қабылдануы мүмкін екенін мәлімдеді.

Fox News телеарнасына берген сұхбатында АҚШ басшысы Иранға әскери өнім жеткізу фактісі расталса, Вашингтон қытай тауарларына қосымша 50 пайыздық баж салығын енгізуге дайын екенін айтты.

Дональд Трамп:
«Егер біз оларды осы әрекет үстінде ұстасақ, олар 50 пайыздық баж салығын алады», — деді.

Мәлімдеме Таяу Шығыстағы шиеленістің жалғасуы және АҚШ-тың Иранды басқа елдердің қолдауын шектеуге тырысып жатқан кезеңінде жасалды.

Бейжің бұған дейін біржақты тарифтерді көтеруге қарсы бірнеше рет мәлімдеме жасаған болатын. Қытай сыртқы саясат ведомствосының өкілдері сауда соғыстары жеңімпаз әкелмейтінін және тек жаһандық тұрақсыздықты күшейтетінін атап өтті.

Сонымен қатар Қытай Таяу Шығыстағы қақтығыс тараптарын сабыр сақтауға және жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге шақырды.

Осы арада АҚШ пен Иран арасында Исламабад қаласында өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Америкалық тараптың мәліметінше, ұсынылған шарттарды Тегеран қабылдамаған.

Сарапшылардың айтуынша, жаңа баж салығының енгізілуі АҚШ пен Қытай арасындағы сауда текетіресін күшейтіп, қазірдің өзінде қалыптасқан геосаяси шиеленіс жағдайында әлем

Еще больше интересного

«Халық қатысатын бюджет»: Алматының Медеу ауданында жүргінші бағыттары көркейтілді

Алматының Медеу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында жер бедері күрделі учаскелердегі жүргінші бағыттары көріктендірілді. Жер бедерінің ерекшелігі...

Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық теледебат өтеді

Тақырыбы: Заң мен тәртіп – әділетті Қазақстанның негізі12 тамыз күні сағат 20:00-де Jibek Joly телеарнасында алғашқы командалық...

Мемлекеттік қызметтер интернетсіз де қолжетімді болады

Қазақстанда цифрлық мемлекеттік қызметтердің мүмкіндіктері кеңейтіліп жатыр. Енді азаматтың ұялы байланыс шотында қаражаты болмаса да, маңызды электронды...