Италия Президенті Қазақстанда

Италия Президенті Қазақстанда

Бүгін Ақорда Италия Президентіне құрмет көрсетіп жатыр. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге ресми сапармен келген Италия Президенті Серджо Маттарелланы қарсы алды.
Бүгінде екі елдің сауда-саттығы қарқынды дамуда. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиевтің айтуынша, Қазақстан Италияға металл бұйымдары экспортын 6 есе арттырды.

— 6 айдың қорытындысы бойынша тауар айналымында шикізат экспортын алатын болсақ, Италия бірінші, ал шикізат емес тауралар экспортында үшінші орында тұр. Біз з тек қана сауда-саттық емес. Инвестициялық жағынан Италияның ірі өндірушілерін экономикамызға шақырып, олармен шикізат емес қосылған құны жоғары өнім шығару үшін жұмыс істеп жатырмыз, — деді сауда министрі Ақордада журанлистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Шаққалиев Италия Қазақстанның ірі тауар серіктестерінің бірі екенін атап өтті. Министрдің айтуынша, 6 айдың қорытындысында тауар айналымы 10,1 млрд долларды құрады. Оның ішінде 9,4 млрд доллар — экспорт. Бидай экспортын арттыру шараларын қабылдадық. Экспорттағы жаңа тауар түрі — күнбағыс майы. Одан кейін металл бұйымдары экспортын 6 есе ұлғайттық. Мұнай негізгі позиция болып отыр.

Дәл қазір екі ел басшылары келіссөз жүргізіп жатыр. Кездесуде сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты нығайту перспективалары талқыланады.

Тағы оқыңыз...

«Заң және тәртіп»: ортақ құндылық

Мемлекеттің тұрақты дамуының басты кепілі – заңның үстемдігі мен мызғымас тәртіп. Бүгінде «Заң және тәртіп» қағидатын ұлттық құндылық деңгейіне көтеру...

Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестік пен экономикалық ынтымақтастықты нығайтуда

Астанада Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға арналған кездесу өтті. Екі елдің үкімет басшылары тарихи әрі достық...

ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Қылмыстың жазасы ауырлағанымен қылмыскердің саны азайды ма? Бүгін біз «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін...