Маңғыстауда 401 млрд теңгелік туризм жобалары іске асады

Ақтау қаласында Халықаралық туризм күніне орай Mangystau International Tourism Forum өтті. Каспий жағасында өткен форумға Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің делегациялары, ТҮРКСОЙ ұйымы, мемлекеттік органдар, инвесторлар мен сарапшылар қатысты.

Форум аясында туризмдегі инвестициялық жобалар, инфрақұрылым, жаңа бағыттар және бизнесті қолдау шаралары талқыланды. Қазақстан Ақтауды 2030 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымының туристік астанасы ретінде ұсынды.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2025–2029 жылдарға арналған кешенді жоспар қабылданды. Құны 401 млрд теңгені құрайтын 102 іс-шара жоспарланған, оның 63%-ы – жеке инвестициялар. Бағдарламада Кендірлі курорттық аймағы, қонақ үй кешендері мен визит-орталықтар салу қарастырылған деді Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов.

-Жоспардың ішінде туризм саласындағы 16 ірі инвестициялық жоба бар. Олардыңқатарында қонақ үй кешендері, визит-орталықтар салу және Кендірлі курорттықаймағын дамыту бар.
Маңғыстау облысы Қазақстанның туристіккартасында ерекше орынға ие. Бозжыра, Қызылқұп сияқты табиғи нысандар, Каспий теңізінің жағалауы – шетелдік және отандықтуристер үшін тартымды бағыттар. Мұндатабиғи байлық, тарихи-мәдени мұра жәнезаманауи инфрақұрылымдық мүмкіндіктерүйлесім тапқан.

Министрдің айтуынша, 2024 жылы Қазақстанға келген туристер саны 15,3 млн адамды құрады. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 66% көп. Соңғы жылдары енгізілген жаңалықтардың арқасында елімізге қызығушылық артып келеді. 87 ел азаматтары визасыз кіре алады. 30 мемлекетпен тікелей әуе рейстерін ашты.

Маңғыстау – Бозжыра, Қызылқұп, Каспий жағалауы сияқты табиғи және мәдени нысандарымен Қазақстанның туристік картасында ерекше орынға ие.

Тағы оқыңыз...

Блогер Махмуд Хикматовқа іздеу жарияланды

Енді өзбекстандық блогерге іздеу жарияланды. Қазақстанда заңсыз онлайн-казиноларды жарнамалауға қатысы бар деген күдікпен Өзбекстан азаматы Махмуд Хикматов...

Абай күні

10 тамыз Ұлы Абайдың туған күні. Осыған орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Абай күнімен құттықтады.Президент құттықтауында...

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және...

Бұл туралы партия төрағасы Айбек Дәдебай Шымкент қаласында өткен «Әділетті болашақ үшін» сайлауалды бағдарламасының «Заң және тәртіп»...