«Каспий жағасындағы теңіз вокзалы – туризмнің жаңа қақпасы»

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай өңірдің туризм саласындағы басты бағыттарымен бөлісті. Оның айтуынша, бүгінде әлемде заманауи туризмнен шаршағандар көбейіп, табиғи және рухани демалыс түрлеріне сұраныс артып келеді. Осыған орай аймақта дала туризмін және киелі жерлерді дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

«Бозжыра, Шерқала, Байрақты сияқты бірегей табиғи нысандарымыз бар. Шетелдік компаниялармен бірлесіп, кішігірім қонақүйлер салу, жарықтандыру жүйесін енгізу жұмыстарын қолға алдық. Екі жылдан кейін Маңғыстау мүлдем жаңа туристік орталыққа айналатынына сенімдімін», – деді өңір басшысы.

Бүгінде аймақтағы туризм теңіз жағалауындағы демалыспен ғана шектелуде. Алайда алдағы уақытта бұл бағыт кеңеймек. Өңірді Каспий маңындағы көрші елдермен байланыстыратын жолаушылар лайнерін іске қосу жоспарланған. Ол үшін ең алдымен теңіз вокзалы салынбақ.

«Үкіметпен бірлесіп, теңіз вокзалын салатын орнын қарастырып жатырмыз. Бұл – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен жүзеге асатын маңызды жоба. Әрине, мұндай ірі жұмыстар уақытты талап етеді, бірақ мақсатымыз айқын», – деп атап өтті Нұрдәулет Қилыбай.

Осылайша, Маңғыстау облысы алдағы жылдары туризмнің жаңа форматын ұсынып, табиғат пен тарихты тоғыстырған ерекше демалыс орнына айналмақ.

Тағы оқыңыз...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...