Қауіпсіздік Кеңесінің киберқауіпсіздік жөніндегі отырысы өтті

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету және азаматтарға арналған цифрлық ортаны қорғау мәселелері жөнінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті.

Жиын барысында қазіргі заманғы киберқатерлер мен оған қарсы іс-қимыл әдістері, аса маңызды ақпараттық инфрақұрылымды қорғау, киберқауіпсіздік индустриясын дамыту және кадр даярлау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кеңесте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев баяндама жасады.

Президент киберқылмыспен, соның ішінде кибералаяқтықпен күрестің маңызына тоқталды. Сонымен қатар киберқылмыстарды тергеуге қатысатын мемлекеттік органдардың құзыретін арттыру шараларына баса назар аударды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың жеке деректерін қорғауды және дербес мәліметтерді таратқаны үшін берілетін жазаны күшейтуді басты міндет ретінде атады. Сондай-ақ киберортадағы қауіпсіздік пен жауапты әрекет қағидаттарын халыққа кеңінен түсіндіріп, алдын алу жұмыстарын күшейту қажет.

Отырыс соңында Мемлекет басшысы стратегиялық тәуекелдерді азайтып, киберқауіпсіздік мәселелерін жүйелі түрде шешу мақсатында бірқатар шара қабылдауды тапсырды.

Тағы оқыңыз...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...