Қазақстан делегациясы ядролық саммитке қатысты

Қазақстан делегациясы ядролық саммитке қатысты

Парижде ядролық энергетика жөніндегі екінші халықаралық саммит өтті. Іс-шараға Қазақстан делегациясы да қатысты. Делегацияны Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов бастап барды, құрамында Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев болды.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасы Алмасадам Сәтқалиев атаулы саммит аясында бірқатар кездесулер өткізді,-деп хабарлайды ведомстваның баспасөз қызметі.

Саммитке 50-ден астам елдің мемлекет және үкімет басшылары, халықаралық ұйымдар, қаржы институттары, сондай-ақ өнеркәсіп пен ғылыми қауымдастық өкілдері қатысты. Жиын Франция президенті Эммануэль Макронның төрағалығымен өтті.

Саммит барысында Алмасадам Сәтқалиев «Жаһандық деңгейде ядролық отын жеткізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысып, ядролық отын тізбегін әртараптандыру, уран өндірісін дамыту және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.

Сонымен қатар саммит аясында ол Францияның Атом және баламалы энергетика жөніндегі комиссариатының (CEA), Францияның Экономика, қаржы және өнеркәсіптік, энергетикалық және цифрлық егемендігі министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ атом саласындағы жетекші компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Кездесулерде азаматтық ядролық энергетика саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, ғылыми-технологиялық өзара іс-қимылды дамыту және өнеркәсіптік әріптестікті күшейту мәселелері қарастырылды.

Саммит қорытындысында қатысушылар азаматтық атом энергетикасын дамыту және халықаралық серіктестікті нығайтуға бағытталған бірлескен мәлімдемені қолдады.

Еще больше интересного

Энергетика нақты уақыт режимінде: мұнай мен генерация бірыңғай цифрлық...

Қазақстанда энергетика саласын толық цифрландыруға бағытталған ауқымды жоба іске қосылды. Digital Qazaqstan ұлттық стратегиясы аясында Қазақстан Республикасы...

Алматыда Наурызнама онкүндігі аясында ұлттық спорт фестивалі өтті

Алматы қаласының Алмалы ауданында Наурызнама онкүндігі аясында «СПОРТ – ДОСТЫҚ АЛАҢЫ» атты ұлттық спорт фестивалі ұйымдастырылды. Мерекелік...

Жер қойнауын пайдалану саласында жергілікті қамту өсіп келеді

ҚР жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесі 65%-ға жетті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.Бүгінгі...