Қазақстан Еуропаға көмір экспортын қайта жандандыруға мүмкіндік алды

Фото: ҚР СИМ

Қазақстан Ресей арқылы Еуропаға қайта көмір тасымалдау туралы келісімге қол жеткізді деп хабарлайды ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі.

2025 жылдың ақпанында Еуропалық одақ санкциалардың 16-пакеті аясында Ресей порттарымен кез келген келісімге тыйым салған еді. Бұл шара Қазақстан көмірін Еуропа елдеріне тұрақты экспорттауға айтарлықтай қауіп болды. Себебі Ресейдің Усть-Луга порты әуелден Қазақстан көмірін Еуропаға жеткізетін негізгі транзит нүктесі ретінде пайдаланылады. Қалыптасқан жағдайды реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі , Сыртқы істер министрлігімен және Қазақстанның Еуропалық одақ жанындағы тұрақты өкілдігімен бірлесіп, еуропалық тараппен түрлі деңгейдегі консультациялар жүргізді. Еуропалық комиссияның атына ЕО санкциялық режиміне тиісті өзгерістер енгізу туралы ресми өтініш жіберілді.

Келіссөздер нәтижесін берді.  ЕО-ның 18-пакет санкциялары аясында Еуропалық тарап қазақстандық көмір транзиті үшін белгілі бір Ресейлік порттарымен келісімге шектеуді алып тастады. Бұл шара келесі шарттарды сақтаған кезде қолданылады:

  • • көмірдің шығу тегі тек Қазақстан Республикасы болуы керек;
  • • жүкке меншік құқығы санкциялық шектеу шаралары қолданылатын елдердің резиденттерінде болмауы керек;
  • • порттарды тек транзит, тиеу немесе жөнелту аумағы ретінде пайдалануға болады, яғни оның аумағында тауарды сатып алу немесе өндіруге болмайды.

2025 жылдың бірінші жарты жылдығында экспорт $82,9 млн-ға 1,6 млн тоннаны, немесе жалпы көмір экспортының 38,5% құрады.

Тағы оқыңыз...

Әскери оқу-жаттығудағы қаза: бес лауазымды тұлға ұсталды

Каспийдегі «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты бес лауазымды тұлға ұсталды. Күдіктілер қатарында...

Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда

Каспий теңізінің акваториясында тәулік бойы үздіксіз іздестіру-құтқару операциясы жүргізілуде. Іздестіру-құтқару жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі авиация...

Жалпыұлттық аза тұту күні

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2026 жылғы 24 қыркүйектегі № 334 өкімімен Қазақстан Республикасында Маңғыстау облысында қызметтік...