Қазақстан мен Дүниежүзілік банк өзара іс-қимылды нығайтуда

Астанада Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев пен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым жөніндегі вице-президенті Валери Левковтың кездесуі өтті.
Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың бағыттарын, оның ішінде институционалдық дамуды қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, сондай-ақ халықаралық қаржы институттарымен өзара іс-қимылдың ықтималдығын талқылады.
Әсіресе, ғылыми және зерттеу инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Заманауи технологияларды қолдану бағыттары, оның ішінде медицина саласында, әсіресе радиофармацевтиканы дамыту мәселелері қарастырылды.
Валери Левков Дүниежүзілік банк қазіргі уақытта осы бағыт бойынша кеңес беру және ішкі сараптамалық әлеуетті арттыруға қолдау көрсету секілді жұмыс жүргізу тәсілдерін қалыптастырып жатқанын атап өтті.
Кездесуді қорытындылай келе, тараптар ынтымақтастықты жалғастыруға және ғылыми-технология бағытында жүргізілетін жұмыстарды одан әрі пысықтауға мүдделілік білдірді.

Еще больше интересного

Ұлттық банк ниобий қосылған күміс монета шығарады

Қазақстан Ұлттық Банкі «Қазақстанның жер қойнауы» сериясы аясында «Nb (ниобий)» атты жаңа коллекциялық монетаны айналымға шығарады. Монетаны...

Халық Кеңесінде қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті құрылды

Қазақстан Халық Кеңесінің Қоғамдық бастамаларды дамыту комитеті алғашқы отырысын өткізді. Жиынға Комитет төрағасы Вера Ким жетекшілік етті. Отырыста...

Қазақстан мен Италия сауда-экономикалық және өнеркәсіптік ынтымақтастықты кеңейтуге келісті

Римде Қазақстанның Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары...