Қазақстан мен Франция атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Франция атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті

Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Сильван Гиоге мырзамен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында тараптар атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану, ядролық ғылым мен технологияларды дамыту, сондай-ақ ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен болашағын талқылады.

Агенттік төрағасы Қазақстан мен Франция арасындағы стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, Францияның бейінді мемлекеттік құрылымдары және атом саласындағы жетекші компанияларымен өзара іс-қимылды кеңейтудің маңыздылығына тоқталды.

Өз кезегінде Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі француз тарапының Қазақстанмен ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі екенін растады. Атап айтқанда, атом энергетикасы, ғылыми зерттеулер, кадр даярлау және озық технологиялық шешімдерді енгізу бағытындағы бірлескен жобаларды іске асыруға дайын екендігін білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді серіктестікті одан әрі кеңейтуге, институционалдық диалогты нығайтуға және бейбіт атомды дамытуға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға уағдаласты.

Еще больше интересного

Матарам, 26 ақпан 2026 жыл

Ломбок-Утара полиция бөлімшесі (Polres Lombok Utara) екі адамды өлтіру ісі бойынша Интерполдың Red Notice тізіміне енгізілген, Қазақстан...

Ішімдіктен бас тартқан ауылдарында мас күйде жүргендер тіркелген

Қостанай облысында алкогольден ресми түрде бас тартқан бірқатар елді мекендерде 2025 жылы мас күйге байланысты оқиғалар бәрібір...

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы мөлшері белгілі болды

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2026 жылғы қаңтар айындағы жағдай бойынша ай сайынғы төлемдер көлемін жариялады. Tengrinews.kz сауалына...