Қазақстан Президенті дауыс берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан №51 референдум учаскесінде дауыс берді,-деп хабарлайды Ақорда.

Дауыс беру рәсімінен кейін Президент отандық және шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған брифинг өткізіп, референдумның тарихи маңызына тоқталды.

Мемлекет басшысы бұл күннің ел тағдыры үшін ерекше екенін атап өтті. Оның айтуынша, жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін маңызды құжат болмақ.

Президенттің сөзінше, жаңа Ата заң Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін нығайтып, мемлекеттің аумақтық тұтастығын қорғауға бағытталған. Сондай-ақ ол 1995 жылы қабылданған Конституция елдің дамуына айрықша үлес қосқанын, алайда уақыт талабына сай жаңа құжат қабылдау қажеттігі туындағанын айтты.

– Біз 35 жыл бойы осы Конституциямен өмір сүрдік. Бірақ заман өзгеріп жатыр. Сондықтан жаңа Конституция қабылдайтын уақыт келді. Бұл жұмысқа мен де белсене қатыстым. Құжаттың преамбуласын және бірқатар нормаларын өзім жаздым. Жаңа Ата заң ел игілігі мен болашағына қызмет етеді деп сенемін, – деді Мемлекет басшысы.

Брифинг барысында Президент конституциялық реформаның негізгі мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, журналистердің халықаралық күн тәртібіне қатысты сұрақтарына да жауап берді.

Еще больше интересного

Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында Атазан есімді ұл...

Маңғыстау облысында республикалық референдум өткен күні көпбалалы отбасылардың бірінде ұл бала дүниеге келіп, оған Атазан есімі берілді. Нәресте...

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМНЫҢ ТАҢДАУЫ: ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАЗУШЫЛАР МЕН АКТЕРЛЕР ЕЛ...

Қазақстан өңірлерінде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдумда дауыс беру жалғасып жатыр. Белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері...

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев республикалық референдумда дауыс берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады. Ол...