Қазақстаннан 15 млрд доллар шығарылған

Елден криптовалютаны пайдалана отырып, ауқымды көлемде капиталдың шығарылған. Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров цифрлық активтер заңсыз қаржы шығаруға қолайлы құралға айналғанын айтып, алаңдаушылық білдірді. Оның мәліметінше, криптобиржалар арқылы Қазақстаннан шамамен 15 миллиард доллар сыртқа шығарылған. Бұл мәселе Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында айтылды деп хабарлайды pikirmedia.kz

Қазақстаннан 15 млрд доллар шығарылған
Фотосурет: ҚР Парламенті Мәжілісі

Депутат Қожаназаров Ұлттық банк төрағасының орынбасары осындай ірі көлемдегі қаражаттың шығарылғанын жуырда ғана мойындағанын айтып, таң қалды. Мәжілісменнің айтуынша, басқа елдер криптовалюта транзакцияларын бақылау тетіктерін белсенді түрде әзірлеп жатқанда, Қазақстандағы реттеуші органдардың тым баяу әрекет етуі экономикалық қауіпсіздікке қатер төндіріп отыр. Бұл «немқұрайдылықтың ашық көрінісі, тіпті көз жұмуға жақын әрекет» болып отыр деп алаңдаушылық білдірді депутат .

Осы орайда Қожаназаров Ұлттық банкке криптовалютамен жасалатын транзакцияларды бақылау құралдарын шұғыл түрде әзірлеуді және цифрлық активтердің заңсыз айналымына қатысы болуы мүмкін қаржы институттарына жауапкершілікті жүктеуді ұсынды.

Тағы оқыңыз...

ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ

Қазақстан бүгінде индустриялық-инновациялық даму жолында жаңа кезеңге қадам басты. Бұл бағыт тек өндірісті арттырумен шектелмейді – ол...

ӨҢДЕУШІ СЕКТОР: ЭКОНОМИКАНЫҢ ЖАҢА ДРАЙВЕРІ

Соңғы жылдары Қазақстан экономикасында құрылымдық өзгерістер айқын байқалуда. Ұзақ уақыт бойы ел дамуының негізі болған шикізаттық модель...

Ветеринариядағы ірі жемқорлық схемасы

Түркістан облысында ветеринария саласында бюджет қаражатын жымқырудың ірі схемасы анықталды. Әңгіме нақты көрсетілмеген қызметтер үшін аударылған шамамен...