200 млрд теңгеден қағылып отырмыз

Қазақстан күрделі мәселеге тап болды. Елдегі жекелеген компаниялар салық төлеуден жалтару үшін «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) пайдалануда. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді. Оның айтуынша, экономикалық дамудың қозғаушы күшіне айналуы тиіс болған АХҚО кейбір компаниялар үшін «ішкі офшорға» айналып бара жатыр.
Серік Жұманғарин Үкіметтің бұл жағдайға алаңдап отырғанын айтады. АХҚО басшылығымен бірлесіп мұндай схемалардың алдын алуға бағытталған шараларды әзірлеу жоспарланып отырғанын жеткізді. Ол ірі компанияның холдингтік құрылым арқылы бас кеңсесін АХҚО-ға көшіруі салдарынан бюджетке айтарлықтай шығын келтіруде деді. Сөз корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы түрінде 200 миллиард теңгеден астам сомаға қатысты болып отыр.

Вице-премьер мұндай тәжірибеге жол берілмеуі тиіс екенін баса айтты және бұл жағдай дереу әрекет етуді талап ететінін жеткізді. Ол осындай заңбұзушылықтарға жол бермеу үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізу қажеттігін, бұл өз кезегінде барлық нарық қатысушыларына әділ салық салуды қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Тағы оқыңыз...

Қорғаныс министрлігіне кешенді тексеру жүргізіледі

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстанның Қорғаныс министрлігіндегі істердің жай-күйіне кешенді тексеру жүргізетін арнайы комиссия құрылды,-деп хабарлайды Ақорда. Тексерудің негізгі...

«Дала дәмі» жәрмеңкелеріне 3,5 мың тоннаға жуық өнім шығарылды

Қазақстанның барлық өңірінде өтіп жатқан «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде сатылымға шығарылған өнім көлемі 3,5 мың тоннаға...

Каспийде қаза болған әскери жерленді

Каспийде қаза тапқан әскери Аяпберген Сержанды соңғы сапарға шығарып салуға көпшілік жиналды. Марқұмның туған-туыстары Қорғаныс министрлігі өкілдері ұсынған...