Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдау мәселесі бойынша өткізілген республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасады.
Ол Астана қаласындағы №228 сайлау учаскесінде дауыс берді. Референдум 15 наурыз күні өтіп жатыр, оған ел бойынша 12 миллионнан астам азамат қатыса алады.
Қазақстандықтарға бір сұрақ ұсынылған: 2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын қолдайсыз ба?
Дауыс беру бюллетенінде екі жауап нұсқасы бар — «Иә, келісемін» және «Жоқ, келіспеймін».
Дауыс беру жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жалғасады. Алғашқы учаскелер шетелде — Сеул және Токио қалаларында ашылып, ондағы сайлаушылар жергілікті уақытпен сағат 7:00-ден бастап дауыс бере бастады.

