ҚОҚЫС ЖИНАУ МӘДЕНИЕТІ ЖОҚ

Елде қоқысты сұрыптау, оны жинау, қоқысты қайта өңдеу мәселесі толыққанды шешілмей отыр. Өңірлерде өткен жылы 5 млн тоннаға жуық тұрмыстық қалдық жиналған, оның 26 пайыз ғана қайта өңделген. Ал жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Өкінішке орай елдегі қоқыс тасталатын полигондар да талапқа сай болмай отыр. Мамандардың айтуынша, әу баста дұрыс сұрыпталып, жиналмаған қоқыс қайта өңделетін шикізат ретіндегі құндылығын жояды. Өкінішке орай ауыл маңында үйіліп жатқан қоқыстарды айтпағанда, ірі қалалардың өзінде көшенің сәнін кетіріп тұрған қоқыс жәшіктерінен шыққан жағымсыз иіс, шашылып жатқан қалдықтар қоршаған ортаға зиянын келтіріп отыр. Оған қоса ірі кәсіпорындардан шығатын қалдықтардың да экологияға әкеліп отырған қауіп орасан зор. Үкімет Экологиялық Кодекс қабылдады, тиісті орган жылда жаңа жоспарларын жариялайды. Бірақ елде қоқыс мәселесі өз шешімін таппай отыр.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ
«Қалдықтарды басқару жүйесін дамыту үшін елімізде арнайы жеңілдікпен қаржыландыру тетігі бекітілген болатын. Бүгінде 94 жобадан тұратын пул жасақталды. Алайда оларды іске асыру барысы мүлдем мардымсыз. 67 жоба қарастырылған, соның 6-ауы ғана 4 млрд теңге қаражатпен қамтамасыз етілген. Бұл жобаларды дайындау барысында әкімдіктердің үйлестіру шараларының жеткіліксіз екенін білдіреді, Өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу мәселесі де шешімін атппай келеді. Жыл сайын отандық кәсіпорындарда 1 млрд тоннаға жуық қалдық жинақталып қалады. Оларды қайта өңдеу көлемі небары 11 пайызды құрайды. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіш 70-80 пайызға жетеді, Жалпы осы бағытта жұмыс баяу жүріп жатыр. Ауыз толтырып айтатындай нәтиже жоқ. Министрлік әкімдіктердің жұмысын дұрыстап үйлестіру керек. Осы бағытта министрліктің белсенді ұстанымы керек. Оны біз көріп отырған жоқпыз», — деді премьер-министр.

Үкімет жыл басында Қазақстанда қоқыс өңдейтін 41 зауыт салынатынын хабарлағанды. Экология министрлігінің қарауында жалпы сомасы 307 млрд теңге болатын 65 жоба бар көрінеді. Қоқысты жинап, сұрыптау мәселесі шешілмей тұрғанда. Оны қайта өңдейтін зауыттар саламыз деу құр сөз болып қалмаса игі.

Еще больше интересного

Елордада Жеңіс күніне арналған мерекелік отшашу болды

Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған мерекелік отшашу өтті, деп хабарлайды...

Мемлекет басшысы гүл шоғын қойды

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, қазақстандық...

Қазақ YouTuber-лері бас қосты

Астанада қазақ YouTuber-лері бас қосты. Ортақ ой-талқыға оқырманға ой еңбегімен танылып үлгерген журналистер келді. Олардың әрбірінің YouTube-арнасында...