Оқу-ағарту министрі Алматы қаласының педагогикалық жоғары оқу орындарының оқытушыларымен және студенттерімен кездесті

Алматыға жұмыс сапары барысында Ғани Бейсембаев Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында педагог кадрларды даярлау сапасын арттыру, білім беру бағдарламаларын жетілдіруге және үздіксіз педагогикалық білім берудің маңыздылығына басымдық берілді.

«Мемлекет педагогикалық мамандықтарға білім беру гранттарының санын арттыруда. Биыл ЖОО-на педагогикалық мамандыққа 48 мың студент оқуға түсті. Орта білім беру ұйымдарында сегіз мыңға жуық жаңа мұғалім қабылданды. Алайда, педагогикалық білім беру сапасын арттыру өзекті мәселе болып қала береді. Сіздердің бүгін ЖОО-да сапалы білім алуыңыз — өскелең ұрпаққа берілетін сапалы білімнің іргетасы болмақ», — деді Ғани Бейсембаев.

Жұмыс сапары барысында министр педагогикалық білім берудің өзекті мәселелеріне арналған «Қазақстан педагогикасы: білім және ғылым сабақтастығы» республикалық ғылыми-практикалық форумына қатысты. Іс-шара аясында Ы.Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Ғани Бейсембаев студенттердің барлық сұрақтарына жауап берді. Болашақ педагогтерді ауылдық жерлердегі мұғалімдерді мемлекеттік қолдау шаралары, жұмысқа орналасу мәселелері, ата-аналар қауымдастығымен жұмыс жасау, сондай-ақ «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы жалпыұлттық құндылықтарға негізделген тәрбие жұмысының ерекшеліктері толғандырды.

Еще больше интересного

Қазақстан мен АЭХА 2036 жылға дейінгі ынтымақтастықтың Жол картасына...

Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан Республикасына жұмыс сапары барысында келген Атом энергиясы...

ІІМ қазақстандықтарды аккаунттар мен sim-карталарды бөгде адамдарға бермеуге шақырды

ІІМ мәліметінше, соңғы уақытта кәмелетке толмағандар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде үшінші тұлғалардың өтінішімен sim-карталарды тіркеп, кейін оларды...

Сыңғырла, соңғы қоңырау

Бүгін еліміздің барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекелік шарасы өтті. Қазақстанда биылғы оқу жылын 3,9 миллионнан астам оқушы...