Көлік министрі Қарабаев сөгіс алды

Көлік министрі Қарабаев сөгіс алды
Фотосурет: https://t.me/aqorda_resmi/24606

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді . Ақорданың хабарлауынша, жиында көлік-логистика саласын дамыту мәселелері талқыланды

Көлік министрі Марат Қарабаевтың және бірқатар орталық мемлекеттік органдар басшыларының баяндамалары тыңдалды.

Мемлекет басшысы көлік саласындағы ахуалды сынға алды. Қордаланған проблемалар мен белгіленген межелердің орындалмауы жаңғырту жұмыстарын жүргізуге кедергі келтіріп отыр.

Президент шекарадан жүк өткізудің қиындығын, көптеген өткізу бекеттерінің жағдайы нашар екенін, сондай-ақ ірі инфрақұрылымдық-транзиттік жобалардың өз уақытынан кешігіп жатқанын айтты.

Көлік министрі Қарабаев сөгіс алды
Фотосурет: https://t.me/aqorda_resmi/24603

Мемлекет басшысы жүк тасымалы көлемін арттыру үшін нарықты авиаотынмен жеткілікті деңгейде қамтамасыз ету қажет деп санайды.
Жиын соңында Президент министр Марат Қарабаевқа жұмыс барысында жіберген кемшіліктері үшін сөгіс жариялады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырды.

Тағы оқыңыз...

Қазақстанда коучтерге арналған кәсіби стандарт бекітілді

Қазақстанда «Коучинг қызметі» атты кәсіби стандарт бекітілді. Бұл құжат коуч мамандығына қойылатын талаптарды алғаш рет мемлекеттік деңгейде...

«Үй болса – ауылда қалар едік»

Қала түгілі ауыл халқы баспанаға мұқтаж болып отыр. Ауылдағы тұрғын үй тапшылығын шешудің жүйелі жолдарын ұсынған депутат...

Қазақстан мен Пәкістан тауар айналымын 1 млрд АҚШ долларына...

Өткен жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Пәкістан арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық ұлғайып, 105,6 млн АҚШ...